Шағын қорықты құру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.
Жамбыл облысында жаңа табиғи қорық құрылмақ
1,062
оқылды

Жамбыл облысында «Сұлутөр - Ботамойнақ» шағын мемлекеттік табиғи қорығы құрылуы мүмкін.

«Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекаралар шегінде жалпы алаңы 128 846 гектар жер учаскесі оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қаулы-жобасында.

Шағын қорықты құру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Оны жасақтау облыстың бекітілген қаржы шегінде жүзеге асады.

Қаулы жобасы 7 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.