Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген тағы бір хатты жариялады.
«Күйеуім жылдар бойы ұрып-соғатын»: бір күні ағам достарымен оны айдалаға алып кетті
Фото: istockphoto.com
30,615
оқылды

Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген тағы бір хатты жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Кеш жарық, Ляззат ханым. Менің жасым 65-тен асты. Мен тұрмысқа шыққанда бәрі жақсы болды, басында енеме ұнамадым. Мені шағыстырып күйеуіммен ұрыстырып, талай қыстыгүні далада қорада сиырлардың қасында жаткан күнім болған..., күйеуім аямай тепкілейтін керзовый етікпен. Талай ауруханаға түскенмін, кейін төркінім алып кеткен. Ажырасамын деп шешкенмін, сосын үлкен ағама айтқанмын. Ол ағам достарын жинап алып, күйеуімді көшеден ұстап алып,  кешке қарай "Уазик" машинаға салып алып, айдалаға апарып әбден ұрған. Осыдан енді жылататын болсаң, қарындасымның көзінен бір тамшы жас ағатын болса,  тірідей теріңді сыпырып, осы жерге көмеміз деген ғой. Байғұс күйеуім содан менен кешірім сұрап, өмір бойы мені сыйлап өтті. 3 ұлымыз бар, 3 келін түсірдік, 7 немереміз бар. Аллаға шүкір. Менің айтпағым осындай қарындасын қорғап жүретін аға болса, әрбір қызды күйеуі жылатпайды деп ойлаймын", – деп жазған келіншек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.