Әзірге Дәурен Жандарбектің қандай қызметке тағайындалғаны белгісіз.
СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті
832
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қызметінен кетті. Әзірге бұл лауазым бос тұр.

42 жастағы Дәурен Жандарбек Жамбыл облысының тумасы.

2017 жылдың шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл лауазымда алты жыл отырып, өз еркімен қызметтен кетті.

Дәурен Жандарбек өңірде индустриялық-инновациялық даму, оның ішінде инвесторларды тарту – кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, мәдениет саласы, тіл саясаты және архив ісі, дене шынықтыру және спорт, туризм және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жетекшілік етті. Өткен жылы облыс әкімінің екі орынбасары қысқартылып, оған денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары берілген еді.

 

Фото: facebook.com/rsk.sko