2019 жылы жеке инвестициялардың көлемі 2,5 трлн теңге болса, 2022 жылы 3,1 трлн теңге болды.
Былтыр ауылдарды дамытуға 3,1 трлн теңге жеке инвестиция бөлінген
851
оқылды

Қазақстанда ауылдарды дамытуға салынған жеке инвестицияның көлемі артып келеді. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.

Министрдің сөзінше ауылдарды дамытуға бөлініп жатқан мемлекеттік бюджет көлемінің ұлғаюы жеке инвестициялар үлесін де арттыра түскен.

Мәселен, 2019 жылы жеке инвестициялардың көлемі 2,5 трлн теңге болса, 2022 жылы 3,1 трлн теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ ол ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына да тоқталды.

«Тұжырымдамада ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, шекарамаңы аумақтарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қамту, жергілікті маңызы бар жолдарды салу, жөндеу және әлеуметтік объектілер құрылысы бойынша шаралар қамтылған», - деді Әлібек Қуантыров.