Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тіккен Жеңіс Туының көшірмесін табыстады
Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тіккен Жеңіс Туының көшірмесін табыстады
Фото: Думан Құрманғалиев
645
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» атты республикалық патриоттық акциясы  басталды. Акция ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайының басшылығына Рейхстагты Рахымжан Қошқарбаевқа жүктелген Жеңіс Туының көшірмесін тапсыру салтанатынан басталды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан аумағында құрылған дивизиялар мен бригадалардың 23 жауынгерлік тулары Қарулы Күштер өкілдеріне тапсырылды.   [caption id="attachment_25339" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Думан Құрманғалиев[/caption] Екі ай бойы жауынгерлік тулар еліміздің әр аймағына барады. Ол жерлерде ардагерлердің, әскери қызметшілердің, «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің, жастар және қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Жауынгерлік ту, әскери бөлімнің ресми символы болып табылады. Ол оның абыройын, айбыны мен даңқын бейнелейді, әрбір әскери қызметшінің бойындағы батырлық дәстүрлері мен Отан қорғаудағы қасиетті борышын еске салады.   [caption id="attachment_25340" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Думан Құрманғалиев[/caption] «Сұрапыл соғыс жылдары бұл жауынгерлік ту бар ауыртпашылыққа қарамастан, Берлинге салтанатты түрде жетті. Бүгін сол қан майданда қаза болған ата-бабаларымыдың ұрпақтарына, яғни әскери бөлімдерге,  дивизияларға тапсырылады. Жеңіс туы көш бастаған жауынгерлік тулардың бұл жолы елордада 7 мамыр күні өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадта жалғасын табады. Бұл біздің отандастарымызға, соғыс батырларына көрсетілген тарихи естелік», – деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Аталмыш іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қорғаныс мнистрлігінің басшылығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ахат Бекмәди мен Олег Линник, Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбие саласының офицерлері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің оқушылары, «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиленушілері қатысты.   [caption id="attachment_25341" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Думан Құрманғалиев[/caption] Қорғаныс ведомствосының басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ілтипат көрсетіп, соғыс уақытының ауыртпашылықтарын басынан өткеріп аман қалған, қираған қалаларды қалпына келтіруде батылдық танытқан батырларымызға бүгінде жас ұрпаққа ерлік пен қайсарлықтың үлгісі екенін атап өтті. Ал Тәуелсіз, тұрақты және гүлденген Қазақстан жас ұрпағына тәуелсіздік мұраттарын абыроймен орындап, ата-бабаларымыздың жеңістері мен табыстарының эстафетасын жалғастыратынына сенім білдірді. «Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» акциясы бүкіл елді қамтитын болады. Ұлы Отан соғысының ескерткіштері бар Әскери-тарихи мұражайдың көрмесі мен сауда орталықтары мен халық көп жиналатын орындарда ҚМ Орталық ансамблі әртістерінің қойылымдары көрсетілетін болады. Биыл «Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» ұранымен «Ел тірегі» әскерге шақыру жасағы мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қатарына мектеп оқушыларымен қатары көбейетін болады.