Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Зәйкешұлы Ысқақов ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Ысқақов жаңа қызметке тағайындалды
2,855
оқылды

Нұрлан Ысқақов 1978 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы – ред.) дүниеге келген.

Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын, «Тұран Астана» университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Алматы Менеджмент университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қалалық жедел жәрдем стансасында мейіргер болып бастаған.

1999-2002 жылдары Астана қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының апат медицинасы бөлімінің бас маманы, Апаттар медицинасы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы.

2007-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің ауылдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.

2008-2009 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сарапшысы, Емдік-шипажайлық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасының және Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.

2009-2012 жылдары «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымында жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының клиникалық-оңалту кешенінің медициналық технологияларды енгізу бөлімінің басшысы, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер» АҚ президенті қызметін атқарды.

2017-2020 жылдары – «Kazakh Tourism ұлттық компаниясы» АҚ Туристік бағыттарды дамыту департаментінің директоры.

2020 жылы – «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.

2022 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ДСМ «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.