Өскеменде 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік беріледі
Өскеменде 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік беріледі
358
оқылды
Өскеменде аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар балаларға арналған азық-түлікпен және жуу-тазалау құралдарымен қамтылатын болды. Мұндай арнайы жиынтықтар отбасындағы алты жасқа дейінгі әр балаға берілмек. Аталған әлеуметтік пакетпен барлығы қаладағы 317 отбасы қамтылады. Азық-түлік – ай сайын, тұрмыстық химиялық құралдар – тоқсан сайын тегін беріледі. Азық-түлік жиынтығына бірінші қажеттіліктегі жарма, сүт, макарон өнімдері, май, тәтті-тағамдар және баланың өсуіне қажетті басқа да азық-түліктер кіреді.  Ал тұрмыстық химия жиынтығында: жуу-тазалау құралдары, тіс пастасы мен тіс щетка, сусабын және крем бар. Бұл тізім әлеуметтік көмекті алушылардың қалауы ескеріледі. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан