Маңғыстау облысында прокурорлар мектептен 76 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшіні анықтады.
Маңғыстауда мектептің есепшісі қомақты қаржы жымқырып, 7 жылға сотталды
1,617
оқылды

Тексеруде штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстырды. Есепші 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген. Іс жүзінде төленген жалақы мен есеп арасында айырмашылық анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осы факті бойынша прокурор қылмыстық іс қозғап, тергеу ЭТД-на тапсырды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бес жыл лауазымды қызмет атқара алмайды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.