Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК Абай облыстық филиалының директоры ұсталды
996
оқылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облыстық филиалының директоры ұсталды.

«27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ресми хабарламада.