Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысы аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
1,223
оқылды

Ақмола облысының аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлердің біріне Ресейдің Челябі облысының тәртіп сақшылары РФ Қылмыстық кодексі 322-бабының 2-бөлігі «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеу жариялаған. Оны полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағынан ұстады.

Ал екінші қылмыскер – Ақмола облысының тумасын тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жарқайың ауданының аумағынан тапты.

«Ұсталған адам бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған (ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі). Сот қаулысына сәйкес ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ведомстводан.

Сондай-ақ Степногор қаласы аумағында ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.