Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Анна Данилина теннистен Гамбург турнирінде жеңіске жетті
777
оқылды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінде жеңіске жетті.

Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева – америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Панова 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.