«Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім.
Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет!», – деп жазды қария.
Ұлытау облысының тұрғыны, Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан 73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлемдік деңгейдегі сапарға аттанбақ. Бұл туралы қарияның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.