Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды, қайғылы оқиға Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында болған.
Жетісу облысында жол апатынан 4 адам мерт болды
732
оқылды

Hyundai Veracruz автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерциямен Volkswagen Passat көлігімен соғылған.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.

Аталған көліктен тағы үш бала әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.