Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті
Шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 6 адам қаза тапты
1,036
оқылды

Канада тауларында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Ұшақ бортында бес жолаушы мен ұшқыш болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Калгари қаласының маңындағы әуежайдан жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында ұшып шықты. Сағат 01:00 шамасында ұшақтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті.