Терактты елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылар ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар.
Пәкістанда теракт болып, салдарынан 44 адам қаза тапты
1,559
оқылды

ВВС-дің хабарлауынша, Пәкістанда Жамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған күшті жарылыстан 44 адам қаза тапты.

Басқа да дереккөздердің мәліметінше, зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін. Ауданды қоршауға алған қауіпсіздік қызметі құрбандар саны одан көп болуы ықтимал екенін ескертті, себебі митингке 500-ге жуық адам қатысқан.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Жарылыс ол жақтастарына сөз сөйлеп жатқан кезде болған.

JUI-F – ірі діни саяси партия. Ол Пәкістан парламентіндегі үкімет коалициясының құрамына кіреді. Хар қаласындағы митинг елде биыл күзде өтуі керек жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында ұйымдастырылды.

Фото: AFP