Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктер 1-3 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Температура фонындағы елеулі ауытқулар болжанбайды", - делінген"Қазгидромет" РМК хабарламасында.