Елімізде былтырға қарағанда адамдардың суға батып кету көрсеткіші азайған. Дегенмен биыл да суға кету фактілері бар.
40 бала суға батып кетті
1,021
оқылды

«Су айдындарында шомылу қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан биыл жыл басынан бері 144 адам суға батып кетті. Суға кеткендердің ішінде кәмелет жасына толмаған 40 бала бар. Сонымен қатар жыл басынан бері 161 адам құтқарылды, оның 56-сы – балалар. Талдау жұмыстары көрсеткендей, суда өлімге алып келетін басты себептердің бірі – адамдардың, әсіресе балалардың қауіп барын түсінбеуі», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Ұларбек Абыкеев.

Оның айтуынша, суға бату фактілерінің 97 пайызы шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркеледі.

«Шомылуға рұқсат етілген орындар туралы мәлі­меттер БАҚ-та, әкімдіктер мен әр өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттарында орналастырылған. Осы уақытта дейін атқарылған профилактикалық, кешенді жұмыстар­дың қорытындысына сәйкес биыл суға бату фактілері азайған. Өкінішке қарай, соңғы 3 жылда су 1 100-ден астам адамның өмірін қиды, олардың арасында 321 бала болды», – дейді ТЖМ өкілі.