Тексеру қорытындысы бойынша Есіл ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды.
Боксшы Бейбіт Шүменовті босатып жіберген екі полицей қызметінен қуылды
1,093
оқылды

Елордадағы сауда әрі ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісінен кейін боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты тексеру жүргізіліп, қызметіне салғырт қараған полицейлер жазаланды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Тексеру қорытындысы бойынша Есіл ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік инспекторы қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды.

Есіл ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды, ал аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланды.

Еске салайық, спортшы Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Ол 18 маусымда Астанадағы «Mega Silkway» сауда ойын-сауық орталығында қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соқты деп айыпталады.

Елорданың Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

фото: Joe Coomber