Амангелді Шабдарбаев Кәрім Мәсімовтің жеке мақсаттарын айтты.
"Дариға Назарбаева президент болуға дайындалды": ҰҚК экс-басшысы құпия әңгімелердің бетін ашты
2,055
оқылды

Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Қаңтар оқиғасының алдында болған жағдай туралы айтып, құпия әңгімелердің сырын ашты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Кәрім Мәсімовпен Қаңтар оқиғасына дейін кездескем. Екеуміз әңгімелескенбіз. Маған көп нәрсе айтып берді. Бір әңгімесінде Қаңтарға дейін бір жыл бұрын Назарбаев Дариғаға "сен боласың" (президент - еск.) деді. Дариға келісті, Мәсімов куәмін деді. Дариға досының бәрін шақырып алған. Назарбаев "мыналардың не істейтінін жазып ал" деп Мәсімовке тапсырма берді. Дариға сол кезде "ертең президент боламын ғой" деп кімнің басын жұлып алатынын, кімге не істейтінін айтқан. Ертесіне жазбаны көрген Назарбаев қызына "мына түріңмен қалай президент боласың?" деп, оны Сенаттан да алып тастады. Қалай ол президент болады? Ертең Путин келеді дейік, Дариға президент болса, ертең қалай кездеседі? Назарбаев сияқты бірге моншаға бара ма?" - деді ол. 

Амангелді Шабдарбаев Кәрім Мәсімовтің жеке мақсаттарын айтты. 

"Ол маған да, басқаларына президент болатынын айтты. Ол әдейі айтатын, найман болды, қазақша сөйлемек болды. Мәсімов - өте сақ адам, бірақ қорқақ. Ол ашық айтпайды, бірақ араға адам салып қояды. Ол қу, Назарбаев оған сеніп кетті. Ол маған жаңа жыл басталғанда бәрі өзгеретінін айтты. "Назарбаев кетеді" деді. Қаңтар басталғанда Мәсімовтің сөзі есіме түсіп таңғалдым", - деді ол. 

Фото: bugin.kz