Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 36 жастағы ер адам бірнеше күн бойына іздестірілді. 1 тамызда оның денесін балықшылар тауып алды.
Каспийде балықшылар жоғалып кеткен адамның денесін тапты
836
оқылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылар және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да жұмылдырылды.

"30 шілдеден бастап Құрық ауылынан 7 шақырымдағы Каспий теңізінің жағалауында ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйіті 1 тамызда сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар тауып алды", - дейді "Лада" басылымы Маңғыстау облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Маңғыстаудың бес тұрғыны 29 шілдеде Қарақия ауданындағы Құрық ауылына балық аулауға аттанғаны хабарланған болатын. Таңертең ер адамдардың біреуі жоқ екені анықталды. Сонымен бірге оның заттары жағалауда жатқан.