Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО полицейлері тұрғыннан 20 келі марихуана тәркіледі
970
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 37 жастағы ер адамнан 20 келі марихуана тәркіледі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары «Өскемен-Риддер» тасжолында 37 жастағы ер адам тізгіндеген «Лада приора» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

«Жедел тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі өткір иісті өсімдік тектес зат салынған 20 полиэтилен бума тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты», - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Кейін жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, 20 келіден астам марихуана салынған 2 фляг табылды.

«Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Фото ©️ Tengrinews.kz