Жасөспірім Бауыржан ВИЧ дертіне шалдыққанын 5 жасында білген
Жасөспірім Бауыржан ВИЧ дертіне шалдыққанын 5 жасында білген
©Сурет интернеттен алынды
297
оқылды

"Бұл – үкім емес, мүмкіндік" дейді ВИЧ індетін жұқтырған Бауыр­жан­ның анасы Әлия. Шым­­кенттік Қанат Әлсейітов пен Әлия Масаурованың тұңғышы Ба­уыр­жан да 2006 жылдың ақпа­нын­да бронхит диагнозымен 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Кейін сауығып үйге шыққан соң, ауруханаға түскен балаларға ВИЧ-пен ауырып жатқанын ес­ти­ді. Қауіпті дерттің өз балаларына да жұқ­қанын естігенде ерлі-зайып­ты­ көпке дейін сене алмай жү­ріп­ті. Бір-біріне «неге біз?» деген сұрақ­ты жиі қоятын.

 Қанат Әлсейітов балалардың құ­қын қорғау барысында біраз ең­бек етіп, белсенділік танытып жү­­ре­тін. «Балам күніне 8 дәріден іше­­тін. 10 жыл бойы үздіксіз 8 дә­рі­ден ішу – әрине, өте қиын. 10 жыл­дан соң баламның ағзасы шар­шады-ау деймін, қинала бас­тады. Кейін комиссияның ше­ші­мімен 2 дәріге өттік. Әрине, бұл да оңай емес. Негізінен, біз бұ­ған мойынсұнып, мықтымыз деп өзімізді алдаусыратқанымен, на­ғыз қиындықты өмір бойы дә­р­іге тәуелді болатын бала кө­ре­ді», – дейді ана.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 149 баланың ата-ана­­сының ішінде ең алғашқы­лар­­дың бірі болып, еңсесін тік­те­­гендердің бірі – осы отбасы еді. Бүгінде Қазақ­стан­да алғаш болып өзінің осы ін­­детке шалдыққанын ашық айту­ды бастаған жасөспірім Бауыр­жан де­рті туралы 5 жасынан біле бас­та­ған. Ата-анасы мұны алды­мен ойын түрінде ұйымдас­ты­рып түсін­­діріпті. Қанында әлдебір ви­рустың бар екенін, онымен кә­дімгі барлық адам сияқты өмір сүре беруге болатынын, басты­сы дә­рі­ле­рін уақытылы ішіп, вирустың көбеюіне жол бермей отыру қажет екенін санасына құйған. [caption id="attachment_25389" align="alignright" width="455"]ана, ВИЧ Әлия Масаурова[/caption]
Осы күні Бауыржан да, оның ата-анасы да ешкімнен оқшауланбай-ақ ашық өмір сүруге бел буған. «Мүмкін, дос­та­рымыздан, таныстарымыздан айы­рылармыз. Бір дос жоғалтсақ, тағы бірі табылар. Бұл бізге бе­ріл­ген үкім емес, мүмкіндік. Ұлы­­ма үнемі осыны айтып оты­ра­­мын. «Сені танымайтын жас­өс­­­пірім са­ған қарап, бұлай да өмір сүруге бо­ла­тынын білуі тиіс» дей­мін. Демек, өзгеге мүм­­кіндік сый­лай­­­­сың деп қолдап оты­­ра­мын», – дейді Әлия. Ол бала­сы­ның дә­­рі­­гер болғанын, ұлының жа­нын түсінетін, оған қолдау көр­се­­те­тін жар кездесуін тілейді. Ал Бауыржан қоғамның АИТВ жұқ­­­­тыр­ғандарға қарым-қатынасы өз­ге­лермен бірдей болғанын және ер­те­рек осы кеселге вакцина та­был­­са деп армандайды.