Мемлекеттік бағдарламалар аясында елді мекендерді абат­тандыру, көркейту жұмыстары көңілге қуаныш ұяла­та­ды.
Қайта түлеген Ақжарма
794
оқылды

Әсіресе, «AMANAT» партиясының өміршең жобаларының не­гізінде халықтың талап-тілегі ескеріліп, алақандай ауыл­дар­дағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін тауып ке­леді.

Бүгінде Сырдария ауданына қа­рас­ты Ақжарма ауылында 2 800 адам тұрады. Негізгі кәсібі күріш шаруа­шы­лығымен тығыз байланысты елді ме­кенде халықтың қажеттілігін т­у­ғы­за­тын ауызсу, жол, жарық мәселесінде анау айтқандай қиындық жоқ. Алайда ауылда тұрғындардың бос уа­қытын тиімді өткізіп, серуендеп, бой сергітетін орын болмаған. Соған орай партия пәрменімен ауылдағы Тағ­зым алаңы қайта түлеп, ел игі­лігіне пайдалануға беріліпті.

«Негізінен Ақжарма ауылының ір­гесі 1967 жылы қаланған. Ауылы­мыз­да 1941-1945 жылдары сұрапыл со­ғыста ерлікпен қаза тапқан жауын­герлердің ескерткіші бар. Бұл Тағзым алаңында майдан даласында қалған боздақтардың тізімі тасқа қашалып, жазылған. Алайда көп жылдан бері жөндеу көрмеген алаңның ажары қа­шып тұрған болатын. Соған орай ауыл­дан сайланған «AMANAT» пар­тиясы депутаттық фракциясының мү­шесі, «Ақжарма-2» шаруа қожалы­ғы­ның төрағасы Марат Бисеновтың де­меушілігімен «Ер есімі – ел есінде» алаңына қайта жаңғырту жұмыстары жүр­гізіліп, игілігін ел көріп отыр», – дейді ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов.

Әкімнің айтуынша, биыл ауыл ту­масы, елді мекеннің өркендеуіне елеу­лі үлес қосып жүрген Нұртаза Се­­­рік­баев есімді азаматтың баста­ма­сы­мен және және сыныптас құрдас­та­рының мектеп бітіргендеріне 50 жыл­дығына орай Екінші дүние­жү­зі­лік соғыста қайтыс болғандардың ті­зім­і жасақталып, тасқа қашалып жазу жұмыстары жүргізілген. Оған қа­жетті мәрмәр тастар мен басқа да жаңалау жұмыстарына ауыл депута­ты, шаруашылық төрағасы Марат Би­сенов шаруа қожалығының есе­бі­нен қомақты қаржылай демеушілік көр­сеткен. Ал бұл жұмыстарға бар­лы­ғы 3,5 млн теңге қаржы қаралып-ты.

«Ауылымыздағы «Ер есімі – ел есін­де» аталатын Тағзым алаңы жан-а­шыр азаматтардың арқасында қайта жаңарды. Алаң 9 мамыр – Жеңіс күні қар­саңында пайдалануға берілді. Бұл кү­ні ауыл ақсақалдары жиналып, өлі аруаққа құран бағышталды. Ауылдық мәдениет үйінде өткен арнайы іс-ша­рада тұрғындар алаңды қайта жаң­ғыр­туға атсалысқан азаматтарға ал­ғыс сезімін білдірді. Бүгінде жаңарған кейіп­ке енген Тағзым алаңы ауыл көр­кіне өзгеше рең беріп қана қой­май, халықтың жиі шоғырланатын ор­нына айналды», – деп ойымен бө­лісті ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, алаңда 127 боздақтың есімі тасқа қа­ша­лып, жазылған. Деректерді жи­нау­ға бір жылға жуық уақыт жұмсалса ке­рек. Соның негізінде ауылдан сай­­­лан­ған халық қалаулысының ықпа­лы­мен жоспарланған жұмыстар то­лық­тай жүзеге асырылыпты. Соны­мен қатар ауылдағы ескі мешіт ғи­ма­раты да шаруашылық төрағасының ық­палымен күрделі жөндеуден өт­кізі­ліп, асхана ретінде қайта пайда­ла­нуға беріліпті. 

Жалпы ауылдан сайланған пар­тия фракциясының мүшесі халықпен жиі кездесу өткізіп тұрады екен. Онда тұр­ғындар ауылдың өзекті мәсе­ле­ле­рін ортаға салып, оны шешудің тиім­ді тетіктерін талқылайды. Соның нә­тижесінде ауылға облыстық бюд­жет­тен 2,5 млн теңге қаралып, күр­меу­лі күткен бірқатар мәселенің оң­тайлы шешілуіне сеп болыпты. Сол үшін де ауылдағы ағайын жана­шыр азаматтардың атқарған жұмыс­та­рын жоғары бағалап отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы