Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
Фото: Интернеттен алынды
359
оқылды
ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, ­– деп жазады Tengrinews.kz. Жәкішевке пробациялық бақылау орнатылды. Cотқа Жәкішевтің бұл ­– үшінші өтініші. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді. 2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді. Шығынның жалпы көлемі – 99,6 миллиард теңге.