Ақмола облысы Бұланды ауданы­на қарасты Қараөзек ауылының мек­тебі ашылғаннан бері биыл бірін­ші рет жөнделіп жатыр.
Мектептердің күрделі жөндеуі пысықталды
772
оқылды

Әбден тозығы жет­кен ғимараттың шатыры қайта­дан салынып, жаңа терезелер орна­тылуда.

Қыркүйекке дейін мектептің оқу ка­бинеттері, асханасы және спортзалы жөн­де­леді. Жалпы жөндеу жұмыстарының 80 пайы­зы толығымен аяқталған. Мектеп ди­рек­торы Қалима Дайырова ғимаратқа күр­делі жөндеу өте қажет болғандығын ай­тады.

«Бұл мектепте мәселе көп болды. Ең бас­тысы – электр құрылғылардың ескіруі, су құбырының жоқтығы және де кәріз жүйе­сінің болмауы. Суды ауладағы ұңғы­дан аламыз, онда да оның суы өте нашар», – дейді ол. 

Жалпы өңірде 80-нен астам мектеп жөн­деуден өтіп, 5 мыңнан астам орынға есептелген 14 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Көбі облыс орталығы мен Астана маныңдағы аудандарда. Соның алтауы жаңа оқу жылының қарсаңында іске қосылмақ. Жаңартылып жатқан ғи­мараттар өткен ғасырдың ортасында са­лынған. Білім ордалары енді жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа кабинеттермен жа­сақталып, заманауи құрылғылармен жаб­дықталмақ. Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комис­сиясының мүшелері мектептің жөндеу жұмысымен танысып, жүргізіліп жатқан істерді тағы бір пысықтады. 

Жалпы, Бұланды ауданына қарасты Вознесенка және Қараөзек ауылдық мек­тептерінде жаңа модификациядағы каби­неттер ашылып, қажетті құрылғылармен жаб­дықталмақ. Ол құрылғылар дайын, жөн­деу жұмыстары аяқталғаннан кейін ор­натылмақ. Спортзалдармен алғашқы әс­­кери дайындық кабинеттері жаңа қа­жетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіл­мек. Бұл жұмыстардың барлығы па­р­тия де­путаттарының жіті бақылауында болады.