«AMANAT» партиясы Жамбыл об­лыстық филиалы жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі кеңес пен Партиялық ба­қы­лау комиссиясының мүшелері Мер­кі ауданына барды.
Су қоймалары құрылысы партияның бақылауында
527
оқылды

Мақсат – партияның Сайлауалды бағ­дар­ламасын іске асыру жөніндегі Жол кар­тасы көрсеткіштерінің орындалуы бойын­ша Андас батыр ауылының маныңда құры­лысы жүріп жатқан Андас-2 және Ан­дас-3 су қоймаларының құрылысына қо­ғамдық бақылау жүргізді. Андас-2 су қой­масы құрылысын «Тараз Строй-2004» ЖШС биылғы шілде айының басында бас­таған. Бүгінгі күнде жұмыстарының 30 пайы­зы бітіп тұр. Бөлінген қаражаттың жал­пы көлемі 100 миллион теңге. Су қой­масы пайдалануға берілген кезде 30 млн текше метр су жинауға мүмкіндік бермек. Құрылысты аяқтау жыл соңында желтоқсан айына жоспарлануда.

Сондай-ақ екінші құрылыс нысаны Ан­дас-3 су қоймасына жалпы көлемі 200 мил­лион текше метр су жинауға болады. Оның құрылысын жүргізіп жатқан «Тола­ғай-2050» ЖШС бүгінде құрылыстың 25 пайы­зын аяқтаған. Аталған құрылысты 2024 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылысқа жалпы кө­лемі 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Жо­ғарыда аталған екі насынға 45 жұмысшы және 34 техника жұмылдырылған.

Комиссия мүшелері тарапынан құры­лыс­қа жауапты өкілдерге жұмыстарды са­па­лы орындау, нысандарды тиісті мер­зім­де пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар берілді. Сондай-ақ мердігер компания­лар­дың өкілдеріне құрылыс жұмыстары толық аяқ­талғанға дейін қоғамдық бақылау жұ­­мыс­­тарының жалғаса беретіндігі ай­тылды.