Супермаркетте адамның іс-әрекетін аңдитын жүйе жасалды

Сатып алушының іс-әрекетін бақылап, талдайтын жүйе жасалды. Енді супермаркет камералары жасанды интеллект көмегімен тұтынушылардың талғамын зерттейді.

Aruk Mitajiri супермаркеті Fujitsu компаниясымен бірігіп Хофу қаласында (Жапония) тұтынушылардың мінез-құлқы мен талғамын камералар мен жасанды интеллект (ЖИ) негізінде бақылайтын бақылау жүйесін іске қосты. Жаңа технологияның ерекшеліктерін The Register сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды.

Бұл жүйе тұтынушылардың тауарларды таңдау кезінде дүкенде қабылдаған шешімдерін талдайды. Осы өңделген деректер негізінде жекелендірілген жарнамамен қамтамасыз етіп, адамның бірегей аватарын құрастырады.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды.

Бақылау камералары әрбір әрекетті қадағалайды. Дүкенге келушілер қандай сөреде тоқтайды, қай тауарларды қолға алып салыстырады және т.б. Камералардан алынған деректер генеративті ЖИ платформасына тікелей түседі. ЖИ қорытқан жеке ұсыныстар сатып алушыларға «аватар консьержінің» атынан жарнама түрінде келеді.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды.

Fujitsu корпорациясы бұл технология тұтынушыларды жаңа өнімдерді сатып алуға ынталандырады деп жазған болатын. Компания бұл қызметті Васеда университетінің маркетинг және коммуникациялар институтының директоры Наото Онзо бастаған ғалымдар тобының көмегімен әзірледі.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды.

Fujitsu осындай жақсы идеяны қолдады, себебі тұтынушылар «тартымды, тұтынушыға ыңғайлы тәжірибені» қалайды. Жаңа тәсіл деректерді жинау уақытын, қаржыны және адам атқаратын үлкен көлемді жұмысты қысқартады. ЖИ көмегімен бұны тезірек әрі арзанырақ жасауға болады.

Технология 15 қазанға дейін супермаркетте сынақтан өтеді, содан кейін оны жетілдіріп, желінің басқа дүкендерінде енгізуді жоспарлауда.