«Футбол жолы» Ақтауға жетті.
Каспий жағалауында ҚФФ пен Olimpbet-тің ауқымды фестивалі өтті
1,021
оқылды

Каспий жағалауында ҚФФ пен Olimpbet-тің ауқымды фестивалі өтті.

«Футбол жолы» Ақтауға жетті!

Шымкенттіктердің ізімен теңіз жағасындағы шаһардың тұрғындары да футбол мәдениетіне жақындай түсті және Қазақстандағы осы спорттың ойындарынан шабыт алды.

Жексенбі күні қала футболмен тыныстады – Ақтаудағы теңіз жағалауы күні бойы мыңдаған тұрғындарды қызықтыратын мекенге айналды. Дәл осы маңда «Футбол жолы» үлкен спорттық-сауықтыру фестивалі екінші аялдамасын жасады.

Аяқдоп мерекесін Қазақстан футбол федерациясы мен еліміздегі №1 букмекерлік кеңсе – отандық спортты сөзбен ғана емес, іспен қолдайтын Olimpbet компаниясы ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың күш-жігерінің арқасында ақтаулықтар еліміздің футболдан негізгі үш жүлдесін де көрді: Қазақстан Премьер-Лигасының тондо чемпионаты, Қазақстан кубогы және суперкубогы. Сондай-ақ, қонақтар «Каспий» ФК ойыншыларынан қолтаңба алып, олармен әңгімелесіп, суретке түсті.

Дәл осы маңда ұйымдастырылған қалалық футбол турнирі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Шара барысында ондаған көркемөнерпаздар ұжымдары бақ сынады. Ойын алаңында және жағалауда көңілді жандар көп болды. Спортшылар дайындық пен ойын-сауықтың жоғары деңгейін көрсетті, ал жанкүйерлер эмоцияларын аяған жоқ.

Фестивальде басқа да ойын түрлері ұйымдастырылды. Олардың ішінде панна (қарсыластың аяқтарының арасынан доп өткізуді көздейтін футбол), субсокер (үстел астында отырып ойнайтын футбол), футбол дарттары және т.б. сияқты сирек те уақыт өткен сайын танымал болып келе жатқан ойын түрлері бар. Бұл сіз үшін қызық па? Ендеше өзіңіздің қалаңызға «Футбол жолының» барғанын күтіңіз (тізім төменде).

Спорттық шаралар мен жүлделерден басқа, «Футбол жолы» фестивалі қонақтарына қай кезде де керемет музыкалық көңіл күй сыйлайды. Ақтауда шоу-бағдарламаның хедлайнері романтик Әкім (Ньютон тобының экс-солисті) болды. Ол жақта басқа топтар да өнер көрсетті.

«Футбол жолы» танымал спорт блогерлерін де қызықтыруда. Ақтаудағы фестивальге Нұрсұлтан Құрман мен Айбек Қабылша арнайы келген.

Шараға сонымен қатар ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тіналиев, ҚФФ аймақтық байланыстар департаментінің директоры Диас Әбдірахманов және Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев қатысты.

Фестиваль жолындағы келесі нүкте – Атырау қаласы. 13 тамызда Исатай мен Махамбет алаңында еліміздің басты спорттық ойын-сауық шарасы қала тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлайды. Толығырақ фестиваль сайтынан көріңіз.

Қазақстан қалалары бойынша «Футбол жолы» кестесі: 

·      13 тамыз – Атырау қаласы

·       19 тамыз Орал қаласы

·       26 тамыз – Ақтөбе қаласы

·       2 қыркүйек – Көкшетау қаласы

·       10 қыркүйек – Астана қаласы

·       16 қыркүйек – Семей қаласы