Желіде иіле үш рет сәлем салған ер-азамат жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Кадрда көліктен түскен ер-азаматтың қалыңдығын алып кетуге келгендігін көруге болады. Абдырап қалған жігіт қалай сәлем берерін білмей үш рет иіліп сәлем салған.
Қайын жұртына сәлем салған жігіттің әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды
7,231
оқылды

Бұл видео әлеуметтік желіде лезде тарап, халықтың екі тарапқа бөлінуіне әкеп соқтырды. Бірі бұндай ырым бар десе, енді бірі бұл не мазақ? - деп жатты. 

"Бұндай салт бізде болмаған", "Не сұмдық еркекке сәлем салдырып қойған", "Қой, біздің қазақта мұндай сәлем салу болмаған", "Баланы алып қашқан ғой қызы", "Басына орамал сала салмадыңыздар ма?", "Сорлы екен", "Жанында тұрған әйелдер мазақ қылып тұр", - деп жазды олар.