Лашықтағы анаға баспана береді
Лашықтағы анаға баспана береді
246
оқылды
Өткен аптада Түркістан об­лы­сының басшылығы бас­таған жұмысшы топ шалғай жатқан аудандарының бірі Жетісайда болып, аймақ­тың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Облыс әкімі сапар аясында күн сәулесімен жа­рық беретін жаңа стан­са­ның іске қосылу салтанатына қа­тыс­ты. Сондай-ақ әкім тас ла­шықта өмір сүріп жатқан 5 балалы ананың отбасында болып, олардың жағдайымен танысты. Нәтижесінде, жер­гі­лік­ті кәсіпкер «Қамқор­лық» жо­басы аясында қол ұшын со­затын болды. Жетістігі ауыз толтырып ай­тар­­лықтай Жетісайда толымды іс­тер жетерлік. Айталық, энергия тап­шылығын азайту мақсатында Жетісай ауданында күн электр стан­сасы салынып, іске қосылды. Германиялық мердігер компания ірі жобаны жеке қаржысына жүзе­ге асырды. Түркістан облысы­ның әкімі Өмірзақ Шөкеев кәсіпо­рын­ның ашылуына қатысып, ше­­тел инвесторларымен кез­дес­ті. Бұрынғы ескі қоқыс поли­го­нының орнынан салынған жо­­ба­­ның құны – 2,5 млрд теңге. 10,7 гек­тар аумаққа орналасқан күн сәу­лелі жарық стансасының қуат­­тылығы – 4,8 МВт. Аудан тұрғындары ауданды ара­лап келген өңір басшысына жағдайларын айтып, жаңа станса үшін ризашылықтарын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі об­лыс­та атқарылып жатқан келелі істер­ді атап өтті.  width= «Көршіміз Өзбекстан елімен байланыс кеңейіп жатыр. Бұл – ынтымақтастықтың берік көпірі және екі елдің стратегиялық мақ­сат­­тары мен ұлттық қызығу­шы­­­лықтарын ілгерілетеді. Мүддеміз бір. Суармалы суға қатысты жағ­­дай қалыпты. Бауырлас ха­лық­тар ғасырлар бойы арала­сып жатқаннан кейін тарихи та­мы­рымыздың байланысы да те­рең­де. Сол себепті қазіргідей жа­­һан­дық даму кезінде де ықпал­дас­­тықты кү­шейте түсуіміз орын­ды», – деді облыс басшысы ау­дан арда­гер­ле­рі­­мен кездесу бары­сын­да. Өңір басшысы Жетісай қала­сын дамыту мақсатында кәсіп­кер­лік нысандар, мектеп, тұрғын үй салу жоспарланған 80 гектар жер­ге инженерлік инфрақұрылым жүр­гізуде орын алған өзекті мә­се­­­ле­лерді талқылады. Салаға жауап­ты басшыларға нақты тапсыр­ма­лар берді. Облыс әкімі жұмыс сапары ба­ры­­сында бетоннан құрылған ла­шықты паналап жүрген 5 бала­лы ананың отбасында болды. Үй иесі түрлі жалдамалы жұмыс іс­теп жүр. Ал көп баланы дүниеге әкелген ана жұмысқа шыққысы келеді. Отбасының жағдайын мұқият тыңдаған әкім баспанаға мұқтаж отбасының мәселесін шешуге тапсырма берді және жергілікті кәсіпкер «Қамқорлық» жобасы ая­сында қол ұшын созатын болды. Өмірзақ Шөкеев Б.Момышұ­лы атындағы №6 мектеп-гимна­зия ұжымымен кездесті. ҰБТ сы­на­ғында ең үлкен көрсеткішпен көзге түскен білім ұясынан соңғы 15 жылда 320 «Алтын белгі» иегері шық­қан. Былтыр мектептің 64 тү­легі 100% мемлекеттік грант ие­­гері атан­ды. Мектептің екі оқу­­шысы ҰБТ сынағында 139 балл жинады. Дей тұрғанмен, білім ордасында да мә­селелер бар­шылық. Айталық, озат атанған мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Ай­мақ басшысы бұл мәселенің де оң­тайлы шешілетінін айтты.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы