Президент Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесін оң бағалады.
Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
955
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі  жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.