Шымкентте ішкі істер органдары басшыларының бірінің туысы болып келетін жас жігіт полицияның қызметтік көлігімен көшеде жүрген. Бұл мәліметті Ішкі істер министрлігі растады.
Полиция көлігін басшылардың бірінің туысы басқарған
667
оқылды

«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицияның қызметтік көлігі бейнеленген видео анықталды. Рульді жас жігіт тізгіндеген. Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.

Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі (»Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрам бойынша инспекциясы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша лауазымнан шеттетуге дейінгі тәртіптік ықпал ету шарасы қабылданатын болады», – делінген полиция түсініктемесінде.