Үй жануарларына қоғамдық орындарда қамқорлық көр­сету мәдениеті біздің елде де ақырындап дамып келе­ді. Соның бір мысалы ретінде жуырда басталған Алма­тыдағы иесіз мысықтарға арналған үйшіктер жоба­сын атап өтуге болады.
Көше мысықтары енді жаурамайды
1,315
оқылды

Бұл жобаны Animal Security қоғам­дық қоры Алматы қаласы Кәсіп­кер­лік және инвестициялар басқарма­сы­мен бірлесіп әзірлепті. Қазір қалада 20 үй­шік бар. Жыл соңына дейін тағы 50 үй­шік салынады. Қараусыз қалған мысық­тар­ға арнап дайындалған үйшіктер қала­ның Медеу, Алмалы аудандарында орна­тыл­ған. Үйшіктерді мекендейтін мысық­тарға вакцина салынған. Яғни, тұрғындар үшін қауіпсіз. Ал үйшіктердің тазалығы мен қауіпсіздігіне кім жауапты? Осы жө­нінде Animal Security қоғамдық қорының бас­шысы Наталья Сульжиктен сұрап біл­дік:

– Жобаның негізгі мақсаты – жануар­лар­ға көңіл бөлуді, адамгершілікпен қа­рауды насихаттау. Жақында қаңғыбас мы­­сықтарға арналған үйшіктер Бостан­дық, Әуезов аудандарында да орнатылады. Үйшіктер дайын тұр, тек әкімдіктің рұқсат бер­уін күтіп отырмыз. Ағаш күркелердің таза­лығына арнайы бекітілген мамандар жауап­ береді. Олар аулада залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілгені жайлы есеп бе­ріп отырады. Біз тұрғындардың өтініш беруі арқылы жұмыс істейміз. Куратор­лар­дың өтінішінсіз үйшіктерді орната ал­май­мыз. Үйшік мысықтарды күтетін кура­торлар болған кезде ғана беріледі. Алда­ғы уақытта қаңғыбас иттерге арнал­ған тәлімбақтар да орнатамыз, – дейді ол.

Мегаполистегі иесіз қалған жан­уар­­ларға үйшіктер орнату мәсе­ле­сі пилоттық жоба негізінде биыл наурыз айын­да басталған еді. Жануарларды қор­ғау қорларына жалпы саны 500-ден астам өті­­нім келіп түскен. Аталмыш жоба қала тұр­­ғындарының оң пікіріне ие болып үл­гер­­ген. Әлеуметтік желі қолданушылары ара­­сында бастаманы қолдап, үй жануар­лары­на мейіріммен қарау қажет екенін алға тартқан оқырман саны басым. 

«Өркениетті елдерде мұндай күтім бұрын­нан бар. Уақыт өте келе бұл адамдар мен жануарлардың өзара бірлікте өмір сүруіне алып келеді. Балалар сүйіспеншілік пен махаббаттың, қамқорлықтың не еке­нін біліп өседі. Осындай құндылықтар біз­дің әлемге жетіспейді», – дейді алматы­лық Мисюрина Светлана

Еске салайық, биылғы сәуір айында Алматы қаласындағы қараусыз қал­ған жануарлардың санын ізгілікті түр­де реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағ­дарламасы негізінде қала әкімдігі үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасын қай­та іске қосқан болатын.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы