Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды.
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
821
оқылды

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлады polisia.kz.

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Фото: zakon.kz