Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге жоғары
Қазақстандықтардың банктердегі депозитте қанша ақшасы бар?
1,225
оқылды

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 18 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

Бұл жыл басымен салыстырғанда 1,1 триллион теңгеге жоғары. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Kaspi.kz көшбасшы болды. Салым 541,7 миллиард теңгеге өскен. Бұл Қазақстандағы басқа екінші деңгейдегі банктердің нәтижелерінен бірнеше есе артық. Биылғы маусымның аяғына қарай жеке тұлғалардың банктегі салымдар портфелі 4,2 триллион теңгеге жетен.

Екінші қатарға Еуразиялық банк тұрақтаған, жеке тұлғалар депозиті 155,5 миллиард теңгеге дейін өскен, 1 триллион теңге. Үздік үштікті Freedom Finance Bank қорытындылап тұр. Депозиттер 134,4 миллиард теңгеге өсіп, 443,7 миллиард теңгеге жеткен.

"Екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемінің өсуі клиенттердің депозиттерді өз қаржысын сақтау мен арттырудың сенімді құралы ретінде қарастыратынын көрсетеді", - деді сарапшылар.