Әскери қызметші жарақаттанып көз жұмды.
Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болды: Әскери қызметші көз жұмды
783
оқылды

15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кетті, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

"Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – делінген хабарламада.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Фото: sarbaz.kz