Оның болашақ жарының есімі – Әнуар Өтемұратов. Ол да кәсіпкер.
Динара Сәдуақасова Болат Өтемұратовтың ұлына тұрмысқа шығады
2,003
оқылды

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың ұлына тұрмысқа шығады, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның болашақ жарының есімі – Әнуар Өтемұратов. Ол да кәсіпкер.

Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы және Азия чемпионы.

2022 жылы Алматыда рапидтен өткен әлем чемпионатында Динара күміс медаль еншіледі.

Бұған дейін шахматшы Жансая Әбдімәлік Нұрахмет Нұриевпен отбасын құрғанын жазғанбыз. Нұриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы.

Фото: facebook.com/Saduakassova.Dinara