Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Биыл студенттердің шәкіртақысы қанша пайызға өседі?
1,038
оқылды

«AMANAT» партиясының  «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының аясында биыл 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. 

Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес:

  • Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,
  • Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,
  • Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.

 

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

  • докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  • даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
  • магистранттарға – 97 024 теңге;
  • интерндерге – 75 890 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге
  • даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

 

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

 

Фото: aptamedia.kz