Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
1,076
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады.