Ер адам туыстарының үйіне қонаққа барған.
Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап мерт болды
1,035
оқылды

Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», – делінген ақпаратта.