18 тамыз күні түнгі сағат 23.30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-ның 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Түркістан облысында 4 адам көлікпен бірге өртеніп кетті
1,088
оқылды

Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.