Шахтадағы температура – 45 С°
"Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіріп жатыр
778
оқылды

«Қазақстан» шахтасында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр.

Шахтадағы температура – 45 С°.

Апат кезінде "Қазақстан" шахтасында 227 қызметкер болған. 222 адам жерге көтеріліп, 5 адам опат болды.