Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі
22 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
1,485
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 22 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. 22-24 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 22 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22-23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 22 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 22-23 тамызда солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 22 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. 22 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22-24 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 22-24 тамызда Жетісу облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 22 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 22-24 тамызда Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 22-24 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 22-24 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.