Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда
Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды
1,002
оқылды

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды.

Сырдарияға шомылуға барып, батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әзірге 11 адамның 8-інің денесі табылды. Олардың төртеуі 16 жасқа дейінгі балалар болса, қалған төртеуі - ересектер. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі - жасөспірімдер.

«Сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамды таптық. 22:50 тағы бір адамның денесі жағадан 6 метр қашықтықтан табылды. Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген Түркістан облысы ТЖД-нің ақпаратында.