Жетісу облысы әкімдігінің бұл жолғы кеңейтілген кеңе­сінде аса өзекті мәселелер қаралды. Биылғы бірінші жар­тыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытын­дылары шығарылып, мемле­кеттік органдардың жұмыс тиімділігіне бағалау жасалды.
Жетісуда жұмысшы мамандар жетіспейді
640
оқылды

Сонымен бірге өңір үшін маңы­зы өте жоғары болып са­на­латын агроөнеркәсіптік ке­шеннің дамуы мен халықты жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру барысы жан-жақты талқыланды. Елді еңбекпен қамтудың елең ет­кізер тұстары тарқатыла ай­тылып, реттеудің жолдары қа­растырылды. 

Биылғы ауа райының құбыл­малығына және тағы да басқа табиғи кедергілерге қарамастан жалпы облыс экономикасының барлық бағыттарында дамудың оң қарқыны сақталған көрінеді. Өнеркәсіп өсіп, құрылыс еселен­ген. Оның ішінде адамдарды бас­па­на­мен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлініп, тұрғын үйлер салу­дың үлесі артқан. Көлік пен сауда саласында да ілгерілеу бар. Ең бастысы, жыл басынан бері облыс­қа 95,3 млрд теңге инвестиция тар­тылыпты. Бірақ бұл бағытта жеке инвестициялар 18 пайызға, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ ау­дандары мен Текелі қаласында 1,8 есеге төмендеп кеткенін де айта кеткен жөн. Ал бюджеттің игерілуі әзірге ойдағыдай деуге болады. Дегенмен құрылыс, білім, спорт пен мәдениет басқармаларына және бірқатар аудандарда кешеуіл­деу барлығын да ескерген жөн. 

Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сай игерусіз жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару­дың жоспары облыс бойынша ар­ты­ғымен орындалған. Дегенмен Ескелді, Сарқан аудандарында бұл бағытта қолға алатын жұмыстар әлі баршылық.

Облыс әкімі бірінші мәселені талқылау барысында сын тезіне іліккен Ескелді, Сарқан аудан­дарының, Текелі, Талдықорған қ­а­ласының әкімдерін орын­дары­нан тұрғызып, кемшіліктерді жою бағытында қандай жұмыс атқарып жатқандарын сұрады. Сол сияқты азаматтардың өтініштерін қарау мерзімін ең көп бұзған Текелі қа­ласы мен Ескелді ауданының және білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына қатысты тәртіптік жаза қолданылатынын айтты. 

Облыс әкімінің бірінші орын­басары Әлібек Жақанбаев өңірдегі агроөнеркәсіп саласының жарты жылдағы жағдайын талдады. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарын себу алқабы өткен жыл­мен салыстырғанда 1,9 мың гек­тарға ұлғайтылып, 519,1 мың гектарды құраған. Бірақ кейбір аудандар қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбай отыр. Соның салдарынан алынатын түсім азайып кетуі әбден мүмкін. Мәсе­лен, Ақсу, Панфилов, Алакөл сияқ­ты аудандар тұқымды жаңартуға көңіл бөлмей отыр. Ақсу ауданы минералды тыңайтқышты қажетті көлемінен өте төмен деңгейде қол­данған. Мал тұқымын жақсартуды да назардан тыс қалдыратын ау­дандар бар. Мал бордақылау алаң­дарының жұмысына аудан және қала әкімдіктері мән бермейді, жалған ақпарат береді. «Мысалы, Қаратал ауданы 2250 басқа ар­налған 3 бордақылау алаңына тоқ­сан сайын 700-800 бас мал тұрғанын көрсетеді, бірақ өндірілген еті жоқ. Мұндай жағдай аудан және қала әкімдіктерінің бәріне тән. Ауыл­дық окургтердің әкімдері электрон­ды шаруашылық кітаптарды дұрыс толтырмайды, ветеринариялық қызметтер алынған төлді уақытылы электронды базаға енгізбейді, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ма­мандары қадағаламайды, сондық­тан мал шаруашылығы көрсеткіш­тері үнемі құбылып тұрады», – дейді Ә. Әскербекұлы. 

«Ауыл Аманаты» бағдарлама­сында үш ай ішінде 541 млн теңгеге 100 өтінім мақұлданып, 124 млн теңгеге 24 өтінім қаржылан­дырыл­ған. Бірақ жобаның мүмкіндіктерін халыққа егжей-тегжейлі түсіндіре алмаудың кесірінен бағдарлама игілін халық дұрыс көре алмай отыр. «Ауыл Аманаты» бағдарлама­сының бес бағыты бар екенін ес­кермей, тек мал шаруашылығына ғана басымдық берілуде. Шаш­тараз, наубайхана, көлік жөндеу, білім, денсаулық саласындағы қызмет көрсету сияқты басқа да бірқатар бағыттар мүлде қозға­лыс­сыз қалған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, бірінші жарты жылдықта 20,4 мыңға тарта адам жұмысқа тар­тылып, бұл жылдық жоспардың 64%-ын құрап, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық орындалған. Жұмысқа ор­наласқан азаматтардың 74% Ұлт­тық жобалар және бос жұмыс орындары, 24% жеке бастамалар, қалған 2%-ы кәсіпкерлік бастама­лары грант, шағын несие шеңберін­де жұмысқа орналасқан. Қабыл­дан­ған шаралар нәтижесінде алты айдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,1%-дан 4,9%-ға дейін төмендепті. Деген­мен жұмыс берушінің жұмысқа ор­наласқан азаматқа міндетті зей­нетақы жарнасын төлемеуі және жұмыс беруші мен жұмысшы ара­сында электрондық еңбек келісім­шарттарының болмауы жиі алдан шығады. 

Басқарма тарапынан облыста еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік мәселесі зерделеніп, жұмыс беру­шілер арасында сауалнама жүргі­зіліп, нәтижесінде еңбек нарығына 992 тігінші немесе киімді қалпына келтіруші (реставратор) мамандары қажет екені анықталды. Алайда аталған мамандық бойынша облыс колледждерінде жылына бар-жоғы 120 маман (Алакөл көпсалалы кол­леджі, Талдықорған сервис және технологиялар колледжі, Ақсу аг­ро­­техникалық колледжі) ғана оқы­ты­лады екен. Сол сияқты трак­торист мамандығына қажеттілік – 272 маман, дайындалатыны – 166, агрономдарға қажеттілік 137, көлік және қойма саласына 40 ма­ман қажеттілігі бар, бірақ атал­ған мамандықтар бізде мүлде оқы­тыл­майды. Колледждер өз түлекте­рін қағаз жүзінде «жұмысқа орна­ласты» деп тіркеп, жалған мәлімет береді. Ал іс жүзінде колледждерді аяқтап, жұмысқа тұратындар саны аз. Сондықтан экономика сала­ла­ры­ның басым бағыттары бойынша білікті мамандар даярлауды жүйе­леу және өңірде ресурстарды пай­да­лану тиімділігін арттыру мақса­тын­да колледждердің білім беру бағдарламасын жаңартып, бейінді оқытуды ұйымдастыру қажет. 

Жұмыспен қамтуға қатысты ай­тылған мәселелерге байланысты сын тезіне іліккен аудан, қала бас­шыларын орындарынан тұрғызған облыс әкімі жұмыспен қамту әлеу­меттік саланың ең маңызды бағыты екенін атап өтті. Сол сияқты жер­гі­лікті әкімдерге және тиісті бас­қар­­ма­ларға жұмыссыз жастар мә­селесін шешу, Ұлттық жобалар ая­­сындағы жоспарланған жұмыс­пен қамту көрсеткіштерін сапалы орындау, кәсіптік оқытуды еңбек нарығы сұраныстарына бейімдеу мәселелерін қатаң тапсырды.

Болат АБАҒАН, 

Жетісу облысы