Қоғамда мектепке хиджап киіп келу мәселесі қызу талқыланды.
Оқушылардың хиджап кию мәселесі: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді
10,332
оқылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың мектепке хиджаб киіп  келуіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап хабарлайды.

«Конституция бойынша Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың мектеп формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар білім ордасына мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Оқушылардың мектепте хиджаб киіп келуі мұны шеше ала ма?! Бірінші кезекте біз негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын шатастырмауымыз керек. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуі тиіс. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауымыз қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін имам Нұрлан Байжігітұлы «Қазақ дәстүрінде бетті тұмшалау деген нәрсе жоқ» деген болатын.