Министр жеке, ресми Telegram арна ашқанын айтты.
Министр Дархан Қыдырәлі өзінің жеке Telegram арнасын ашты
652
оқылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тағы парақшасында екі үлкен қуанышты жаңалықты жариялады.

Ең алдымен министр жеке, ресми  Telegram арна ашқанын айтты. Алдағы уақытта сол жерге түрлі тақырыпқа қатысты өзіндік пікірін жазып отырмақ.

«Біріншісі, Telegram арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын», – деп жазды ол.

Тағы бір жаңалығы – «Өзекті» деп аталатын апталық сұхбаттар сериясының басталғаны. Жаңа YouTube жоба қоғамда жиі талқыланып жүрген өзекті мәселелерге жауап іздеуге бағытталған. Алғашқы шығарылымның спикері Дархан Қыдырәлінің өзі болды. 

«Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз», – деп нақтылады Дархан Қыдырәлі.