Жиында 5 мәселе қаралды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLIX есеп беру – сайлау конференциясы өтті
802
оқылды

Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі  Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық және қалалық саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері, «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев облыстық филиалдың 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

– Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, 2021 жылы 22 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 70%-ы оң шешіліп, 30%-ына заң аясында кеңес берілген. Ал 2022 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 17 мыңға жуық  арыз-шағым келіп түссе, 53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген, – деді А.Үмбетәлиев.

Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы 2023 жылға арналған партияның рөлін күшейту және халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бойынша міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ аманаттықтарға өңірдегі партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

Түркістан облыстық партия филиалы – республика көлемінде партия мүшелері санынан бірінші орындағы ең ірі филиал. Бүгінде 80 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 242 бастауыш партия ұйымы бар. «Жастар рухы» Жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 17 филиал жұмыс істейді.