Шығыс Қазақстан облысы бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 1 600-ден астам оқушыға оқуға қажетті түрлі құрал-жабдықтар салынған сөмке табысталды.
ШҚО-да «AMANAT» партиясы 1 600-ден астам оқушыға сөмке табыстады
805
оқылды

ШҚО-да «AMANAT» партиясы 1 600-ден астам оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табыстады.

«Игі шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қолдау білдіру. Жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутаттар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасауда», –  деді  «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова.

Еске салар болсақ, 14 тамызда «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы  бастау алған болатын.