«Қазгидрометтің» болжамынша бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
24 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,858
оқылды

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында нөсер болады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал.  Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 24 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Петропавл қаласында 24 тамызда түнде найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 24 тамызда өрт қаупі жоғары болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында синоптиктер найзағай ойнайды деп болжайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі, дауыл соғуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз өңірдің оңтүстігінде қатты ыстық болып, сынап бағаны +35°C көрсетеді. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында таңертең және түстен кейін батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 24-25 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді, 24-25 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, күндіз орталығында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. 24 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Көкшетауда найзағай жарқылдайды.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде,батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Астанада найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал. 24 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 24 тамызда түнде және таңертең найзағай болады деп күтіледі. Түнде және таңертең солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 24-26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 24 тамызда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. 24-26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстын соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. 24 тамызда облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады деп күтіледі: + 35°C. 24 тамызда өрт қаупі жоғары. Семейде де аптап ыстық болады деп болжанады: +35°C.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 24 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Қалада 24 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. 24 тамызда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жарияланды. 23 тамызда сағат 21:00-ден 24 тамыздың 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында Өскемен және Риддер бойынша күтілетін қолайсыз ауа райында өрт қаупі бар.

Фото: klike.net